Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
Сыбайлас жемқорлық – кез келген елдің өркендеп-дамуына кері әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі. Ол мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заң үстемдігін теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22 бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің сөзінде жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін жеткізді. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру – Агенттік қызметінің маңызды және өзекті бағыттарының бірі болып табылады және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.
Бүгінгі күнге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістердің бірқатар топтамалары әзірленіп, іске асырылды.
Заңнамалық өзгерістердің бірінші топтамасы 2019 жылдың 19 желтоқсанында қабылданды. Енгізілген өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ:
- Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың отставкасы және тәртіптік жауапкершілігі туралы нормалар енгізілді;
- Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі енгізілді;
- Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды;
- Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазасы қатаңдатылды;
- Мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында шектеулер енгізілді;
- Жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын шектеу қойылды.
Заңнамалық өзгерістердің екінші топтамасы 2020 жылдың 6 қазанында қабылданды. Енгізілген өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған мемлекеттік қызметшілерге өзге тұлғалардан сыйлықтарды алуға және өзге тұлғаларға сыйлықтарды сыйға тартуға толық тыйым салынды. (Азаматтық кодекстегі «мемлекеттік қызметшілерге рұқсат етілген сыйлық құнының шегі» толық алынып тасталды. Кез-келген сыйлық мемлекетке тиесілі болғандықтан ондай жағдай орын алса, белгіленген тәртіппен және мерзімдерде оларды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне өтеусіз өткізу арқылы мемлекеттік мүлік құрамына түсуге тиіс екенін ұмытпаған жөн. Ал қызметтегі жетістіктері және басқа да еңбектері үшін берілетін сыйлықтар бұл тізімге жатпайды);
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылатын тұлғаларға, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға уәкілетті, мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне жатады. Яғни, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді толық көлемде қабылдайтын болады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда неғұрлым елеулі жауапкершілікке ие болады. Бұрын мұндай нормалар квазимемлекеттік компаниялардың бірінші басшыларына ғана қатысты болатын. Енді бұл тізім айтарлықтай кеңейтілді;
- Квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының адалдығы корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі институты енгізілді.
2023 жылдың 3 қаңтарында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Қабылданған түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу, құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған.
1. Мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылау арқылы негізсіз байыту үшін жауапкершілік енгізіледі.
Шенеуніктің шығыстары оның кірістеріне сәйкес келмегені үшін декларацияларды салыстыру қорытындылары бойынша фискалдық және мансаптық санкциялар қолданылатын болады.
Әрбір жағдайда мемлекеттік қызметшіге шығыстардың заңдылығын растауға мүмкіндік беріледі.
Егер ол мұны істей алмаса, алшақтық сомасының 90% айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік туындайды. Айтарлықтай сәйкессіздік, атап айтқанда шенеуніктің жылдық табысынан асып кетсе, айыппұлдан басқа, ол теріс себептермен жұмыстан шығарылуы керек.
Негізсіз байыту фактілерін анықтау камералдық бақылау аясында мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген.
Нормалар мемлекеттік қызметшілерге, оларға теңестірілген адамдарға және олардың жұбайларына қолданылатын болады.
Новелланы енгізу мерзімі халықты жалпыға бірдей декларациялаумен толық қамтуды ескере отырып, 2027 жылға белгіленген.
Негізсіз байыту үшін жауапкершілікті енгізу Қазақстан 2008 жылы ратификациялаған БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының талаптарының бірі болып табылатынын атап өткен жөн.
2. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау шаралары күшейтілді.
Түзетулер осындай адамдардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған.
Бұл адамдар тәртіптік комиссияның немесе өзге алқалы органның ұсынымдарынсыз тәртіптік жауаптылыққа тартыла алмайды, лауазымынан босатыла алмайды немесе басқа лауазымға ауыстырыла алмайды.
Бұл ретте мемлекеттік орган немесе ұйым алқалы органның отырысына қатысу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілін шақыруға міндетті болады.
Сондай-ақ, мұндай ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу арқылы осы адамдар туралы құпия ақпаратты қорғау шаралары күшейтіледі.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданды.
Президент Агенттіктің алдына қойған міндеттемелері мен басымдылықтарын белгіледі. Бұл бағыттағы жұмысты жетілдіру және жемқорлық фактілеріне баратын жолдарды барынша азайту тұрғысынан тиісті жұмыстар жалғасатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тәсілдері мынадай міндеттерді орындау арқылы іске асырылатын болады:
1) Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру;
2) Сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін жою;
3) Жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту;
5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету;
6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасына консультативтік құжатқа заңнамалық реттеуді талап ететін мынадай:
-адамдарды қосудың және одан шығарудың нақты тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесіне сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу;
-мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда мүдделер қақтығысын анықтауды және ретке келтіруді регламенттеу;
-«ақшаны қадағала» («follow the money») қағидаты бойынша қаржылық тергеу институтын енгізу;
-пара беру туралы уәде/ұсыныс үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
-мемлекеттік орган, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым қызметкерінің заңсыз сыйақыны қорқытып алуына байланысты қылмыстарды анықтау жөніндегі жұмысты жетілдіру;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктерін жетілдіру;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін мониторингтеу және бағалау жүйесін енгізу және дамыту;
-әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылын регламенттеу.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша заң жобасына консультативтік құжатқа мынадай:
-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту;
-сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін ескіру мерзімін ұлғайту.
Бұл өзгерістер бойынша заң жобасын Парламентке енгізу жоспарлануда.
Құрметті әріптестер, өздеріңіз көріп отырғандай заң аясында жауапкершілік күшеюде. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің алдына қойған міндеттемелері мен басымдылықтарын белгіледі. Ендігі кезекте, жүктелген міндеттемелерді барынша жүзеге асыратын боламыз. Осы жұмысқа сіздерді белсенді қатысуға және жемқорлық әрекеттерден бойды аулақ ұстап, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырамыз.