ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ
Әдістемелік қызметтің мақсаты:
Білім беруді жаңғырту жағдайында оқу-әдістемелік қызметтің мазмұны мен нысандарын жаңарту арқылы кәсіби қажеттіліктерді қанағаттандыру, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру үшін жағдай жасау.
Әдістемелік қызметтің міндеттері:
1) Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасау:
- жұмыс тәжірибесімен алмасу, жалпылау және тарату (семинарлар, шеберлік сабақтарын өткізу, ӘБ жұмысына жандандыру);
- қосымша білім беру педагогтарының әртүрлі деңгейдегі кәсіби байқау- жарыстарға қатысуы;
- біліктілікті арттыру курстарында оқыту, кәсіби қайта даярлаудан өту;
- педагогтерді аттестаттау (аттестаттау комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес).
2) Педагогикалық ұжымды қосымша білім беруді дамытудың негізгі бағыттары туралы, бағдарламалар, жаңа педагогикалық технологиялар туралы, балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттер мен қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
3) Орталықтың әдістемелік банкін дидактикалық, көрнекі құралдармен және әдістемелік әзірлемелермен толықтыру және жүйелеу.
4) Кәсіби байқауларға қатысатын педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім алушыларды зияткерлік-шығармашылық байқауларға дайындау, оларды ынталандыруғажағдай жасау;
5) Жаңадан келген және жас мұғалімдерге консультативтік көмек көрсету /тәлімгерлік ұйымдастыру/;
6) Білім беру процесін жетілдіруге, жаңартуға және дамытуға бағытталған ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметте педагогтардың бастамасын ынталандыру және шығармашылығын белсендіру;
7) Мекеменің оқу қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыруды үйлестіру;
8) Қоғамның білім беру қажеттіліктерін зерттеу;
9) Білім беру мекемесіндегі педагогикалық тәжірибенің тиімділігін анықтау, зерттеу және бағалау. Озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату.
Посмотреть онлайн файл: dstemelk-yzmet.pdf