19
желтоқсан
2025
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ. «ШАБЫТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ШЕБЕРЛІК САБАҚ «ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМДАР - ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ»

«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ. «ШАБЫТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ШЕБЕРЛІК САБАҚ «ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМДАР - ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ»Мақсаты: Ұлттық құндылықтарды сақтау, дамыту және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Қазақ халқының ұлттық бұйымдары – тұрмысқа қажетті заттар ғана емес, оларда ұлттың дүниетанымы, эстетикалық талғамы мен өнері көрініс табатынын паш ету. Зергерлік әшекейлер, кілемдер, ағаштан, теріден жасалған тұрмыстық бұйымдар – барлығы ұлттық ерекшелікті айқындайтын, бабаларымыздың шеберлігін көрсететін құндылықтар. Іс-шара аясында дәріскерлер қазақ халқының қолөнер мұрасынан шағын көрме, шеберлік сабақтарын ұсынады.Күтілетін нәтиже: шеберлік сабағына қатысушылар ұлттық бұйымдар мен сурет салу өнерінің технологияларын меңгереді, үйірме сабақтарында пайдаланады. Шеберлік сыныбына қатысқандығын растайтын сертификат алады.
Ұйымдастырушылар:
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы; Алматы қаласы Білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» МКҚК
Қатысушылар:
Алматы қаласы Білім Басқармасы ҚББЖТҒӘО;
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
Алматы қаласы қосымша білім беру ұйымдарының бейнелеу және қолөнер үйірмелерінің жетекшілері.