«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында «Ұлттық бұйымдар – ұлт қазынасы» тақырыбында қалалық шеберлік сабақ өтті. » «№7 ОҚУШЫЛАР ҮЙІ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-50-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 278-39-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында «Ұлттық бұйымдар – ұлт қазынасы» тақырыбында қалалық шеберлік сабақ өтті.
19
желтоқсан
2025

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында «Ұлттық бұйымдар – ұлт қазынасы» тақырыбында қалалық шеберлік сабақ өтті.

Алматы қаласы Білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» МКҚК-да 2025 жылдың 19 желтоқсан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында «Ұлттық бұйымдар – ұлт қазынасы» тақырыбында қалалық шеберлік сабақ өтті.Іс-шараға жиналған мектеп мұғалімдері мен қосымша білім беру ұйымдарынан келген үйірме жетекшілеріне Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Өнер» факультетінің профессоры, ҚР суретшілер одағының мүшесі С.Қ. Жаманқараев, аға оқытушы, магистр ҚР Этнодизайн одағының мүшесі Е.У.Құлжабаев шеберлік сабақтарын көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.Шеберлік сабақтарға қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті және «Натюрморт. Акварель», «Қамшы өру», «Тері бұйымынан өрім түрлері», «Технология узелкового батика», «Көзеқырғыда қыш бұйымдарын жасау», «Ұлттық нақыштағы заманауи интерьерлік картина», «Қыздардың ұлттық бас киім үлгілері» бағыттары бойынша өткен шеберлік сабақтарға қатысқандығын растайтын сертификаттармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар тарапынан өз іс- тәжірибелерімен бөліскен Абай атындағы ҚазҰПУ «Өнер» факультетінің прфессор оқытушылар құрамына рақмет айтып, Алғыс хаттармен марапаттады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив