21
қараша
2022
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл-әрбір азаматтың міндеті
Алматы қаласы Білім басқармасы «№7 Оқушылар үйі» МКҚК директоры Даулбаева Айнур Муратовна 2022 жылғы 21 қарашада сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауға ықпал ететін жағдайларды жою бойынша кеңес өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның ішінде сыйлық беруге тыйым салу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік және т. б. мәселелер талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік және т. б. мәселелер талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат жеткізілді, ұйымның парасаттылықты, әділдік пен адалдықты қалыптастыруға бағытталған бастамалары түсіндірілді. Айта кету керек ұжымда салауатты моральдық-психологиялық жағдайды сақтауға ықпал ететін, заңдылықты сақтауға және қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған тәрбиелік профилактикалық жұмыстар жүйелі, тұпақты түрде жүргізіліп отырады.