"Көрісу күні – татулық пен дәстүрдің, мерекесі" » «№7 ОҚУШЫЛАР ҮЙІ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-50-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 278-39-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Көрісу күні – татулық пен дәстүрдің, мерекесі"
14
наурыз
2026

"Көрісу күні – татулық пен дәстүрдің, мерекесі"

14 наурыз күні адамдар бір-бірімен қауышып, сағынысып көрісіп, амандасып, қол алысып, құшақтасып, «Бір жасыңмен!» деп ақжарма тілектерін арнайды. Бұл – өткенге салауат айтып, жаңа жылды ізгі ниетпен қарсы алудың жарқын көрінісі.Бұл күні адамдар арасындағы реніш ұмытылып, көңілдер жаңарып, сыйластық пен татулық нығая түседі. Үлкендерге құрмет көрсетіліп, кішілерге ізет білдіріледі. Көрісу – тек амандасу ғана емес, ол – жүректен шыққан жылулықтың, мейірім мен бауырмалдықтың белгісі.Әрбір шаңыраққа береке мен бірлік, әр отбасына амандық пен шаттық тілейміз. Үйлеріңізге құт-береке қонып, дастархандарыңыз молшылыққа толы болсын!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив