29
қаңтар
2024
«Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының авторы Санжар Керімбаймен кездесу
29 қаңтар күні №198 жалпы білім беретін мектепте «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының авторы Санжар Керімбаймен кездесу өтті.
Өмір-адамға мәңгі өлмес БОЛМЫСҚА айналу үшін Жаратушыдан берілген қайталанбас мүмкіндік. Шарты-АР алдында, ҚОҒАМ алдында, ҰЛТ алдында, ҚҰДАЙ алдында адамдық борышты арқалау. Бұдан соң адамның БОЛМЫС сипаты кейінгі ұрпақтың жүрегіне от жағып, тіршілігіне оң әсер етеді.
Кездесуден әріптестер терең ойға қалды. Кейіпкер туралы керемет естеліктермен автор бөліскенде, тыңдаушылар көзі жанып, рухани әсер алды. Кездесуге келген ұстаздарға, ата-аналарға өнегелі өмірдің жойылмас өрнегін автор керемет суреттеді.
Іс-шара соңында №7 Оқушылар үйінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абирова Жанаткүл авторға алғысын айтып, кездесуге келген мұғалімдерге ризашылық сезімін білдірді. 211 мектеп-гимназиясының директоры Қасымова Айжан Тойбекқызы мен 198 мектептің басшысы Канапьянова Асемкуль Слямбекқызы кітаптардың тұсауын кесіп, бір-бір ізгі тілектерін айтып, қазақ елінің мәдениеті мен тарихына қатысты осындай кітаптарды оқуға шақырды. Кездесу соңында оқырмандар кітапты оқып шығуға бел шешті. https://www.instagram.com/p/C2xq7_vtEJl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==