"Киімге батик әдісі арқылы сурет салу" тақырыбында ашық сабақ
"Ақзер" қолданбалы өнер үйірме жетекшісі К. Каргабаева "Киімге батик әдісі арқылы сурет салу" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ұйымдастыру кезінде оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тіледі. Бірінші гуаш және жіптің көмегімен ақ қағазға қол жаттықтырып салып алды. Содан кейін батикпен футболкаға сурет салды.