19
декабрь
2025
"Қыздардың ұлттық бас киім үлгілері”

Государственное коммунальное казенное предприятие«№№7 Оқушылар үйі» МКҚК-да 2025 жылдың 19 декабрь күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» проект аясында «Ұлттық бұйымдар – ұлт қазынасы» тақырыбында қалалық шеберлік сабақ өтті. Іс-шараға жиналған мектеп мұғалімдері мен қосымша білім беру ұйымдарынан келген үйірме жетекшілеріне Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Өнер» факультетінің профессорлары мен «№7 Оқушылар үйі» МКҚК педагогтары шеберлік сабақтарын көрсетіп, өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. «№7 Оқушылар үйі» МКҚК қосымша білім беру педагогы ЕРМАХАНОВА НУРАШ ЕЛТАЕВНА“Сымбат" киім дизайн студиясы тақырыбындағы элективті курс бағдарламасы. Қыздардың ұлттық бас киім үлгілері” тақырыбында шеберлік сабағын өтіп тәжірибесімен бөлісті. Шебеклік сабағына қатысушылар өздерінің жылы лебіз-тілектерін жеткізіп, ұйымдастырылған шеберлік сабақтардан көп тәжірибе жинақтағандарын айтып, ризашылықтарын білдірді.