16
февраль
2026
"Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні"



Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр – әр халықтың рухани байлығы, ғасырлардан жалғасқан асыл мұрасы. Қазақ халқының әрбір дәстүрі – терең мағынаға толы, тәрбиелік мәні зор, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып келе жатқан қазына.16 март – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ата-бабадан қалған салт-дәстүрлерімізді жаңғыртатын ерекше күн. Бұл күні біз өз тарихымызға тағзым етіп, мәдениетімізді ұлықтап, ұлттық болмысымызды айшықтай түсеміз.
Қазақтың кең дастарханы, қонақжайлығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі – бәрі де халқымыздың биік мәдениетінің айқын көрінісі. Әдет-ғұрыптарымыз бен салт-санамыз – біздің ұлттық кодымыз, рухани тірегіміз.