Педагогтардың аттестациядан өтуіне дайындық және жас мамандарға тәлімгер тағайындау мәселелері бойынша педагогикалық кеңес өткізілді. » «№7 ОҚУШЫЛАР ҮЙІ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-50-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 278-39-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтардың аттестациядан өтуіне дайындық және жас мамандарға тәлімгер тағайындау мәселелері бойынша педагогикалық кеңес өткізілді.
05
қараша
2025

Педагогтардың аттестациядан өтуіне дайындық және жас мамандарға тәлімгер тағайындау мәселелері бойынша педагогикалық кеңес өткізілді.

Педагогтардың аттестациядан өтуіне дайындық және жас мамандарға тәлімгер тағайындау мәселелері бойынша педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес барысында аттестация талаптары мен жаңа ережелер түсіндіріліп, қажетті құжаттарды дұрыс рәсімдеу, портфолио дайындау және сабақ жоспарларын тиімді құрастыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар жас мамандарға кәсіби қолдау көрсету мақсатында тәжірибелі ұстаздарды тәлімгер ретінде тағайындау қарастырылды. Тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы жұмыс жоспары, әдістемелік көмек көрсету, сабаққа қатысу арқылы тәжірибе алмасу жолдары айтылды. Кеңеске қатысқан педагогтер өз ойларымен бөлісіп, аттестациядан сәтті өту және жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету бойынша ұсыныстарын білдірді. Кеңес соңында аттестацияға дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізу және тәлімгерлік жұмысты тиімді ұйымдастыру маңызды екені атап өтілді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив