«Зияткер бала» үйірмесі
Әр ата-ананың «ұрпағым өзімнен асып туса» деген жалғыз арманы болады. «Ұлым қайтсе зерек, қызым қайтсе ибалы болады» деген ой бір сәт тыным бермейді. ХХІ ғасырдағы технология бала бойындағы зеректік пен ибаны, әдеп сезімдерін күшейтуге айтарлықтай үлес қоса алмаған сыңайлы. Керісінше, технология жетістігін дұрыс пайдалана алмағанның кесірінен сөйлесу манерін, қарым-қабілетін, алғырлығын, дарынын және зеректігін жоғалтатын балалар әлем бойынша көбейіп барады. Кез келген қазақ халқын шыққан