07
ақпан
2025
«Объектіде лаңкестік әрекетті жасау кезіндегі білім беру қызметкерлері мен сақшылардың іс-әрекет алгоритмі»
Алматы қаласы Білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» МККК «Объектіде лаңкестік әрекетті жасау кезіндегі білім беру қызметкерлері мен сақшылардың іс-әрекет алгоритмі» тақырыбында нұсқаулық ұсынды. Бұл нұсқаулықта лаңкестік жағдайларда қауіпсіздік шаралары, қызметкерлер мен сақшылардың іс-әрекет тәртібі, оқушыларды эвакуациялау және төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібі бойынша нақты нұсқаулар берілген. Мақсат — лаңкестік жағдайлар кезінде білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен қауіпсіздік қызметтерінің үйлесімді, тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету.



