20
тамыз
2025
"БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ : АДАЛ АЗАМАТ , КӘСІБИ МАМАН" тақырыбында Тамыз конференциясы.
Алматы қаласында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында ұстаздардың қалалық Тамыз конференциясы өтті.Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланған бұл алқалы жиынға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев пен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, ұстаздарға салмақты сөзін арнады.Конференцияның басты мақсаты – білім сапасын арттыру, келешек ұрпаққа сапалы тәрбие мен заманауи білім беру жолдарын айқындау.