«Зияткер бала» үйірмесі » «№7 ОҚУШЫЛАР ҮЙІ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-50-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 278-39-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Зияткер бала» үйірмесі
28
қаңтар
2025

«Зияткер бала» үйірмесі

Әр ата-ананың «ұрпағым өзімнен асып туса» деген жалғыз арманы болады. «Ұлым қайтсе зерек, қызым қайтсе ибалы болады» деген ой бір сәт тыным бермейді. ХХІ ғасырдағы технология бала бойындағы зеректік пен ибаны, әдеп сезімдерін күшейтуге айтарлықтай үлес қоса алмаған сыңайлы. Керісінше, технология жетістігін дұрыс пайдалана алмағанның кесірінен сөйлесу манерін, қарым-қабілетін, алғырлығын, дарынын және зеректігін жоғалтатын балалар әлем бойынша көбейіп барады.

Кез келген қазақ халқын шыққан тұлғаның естелігін алып қарасаңыз, «бала кезімізде атамыз бен апамыз қызық қиссалар мен батырлар жырын жаттатып, айтып отыратын» деп жазады. Тәрбиенің осы күнделікті негізін ала отырып, мектебімізде «Зияткер бала» үйірмесі ашылған болатын.

«Зияткер бала» үйірмесі “Zyatker Bala” жұмыс дәптерлерімен жұмыс жасайды. Оның ішінде барлық салт-дәстүрге қатысты сұрақтар тапсырма түрінде беріледі. Кітап құралы ретінде “Отбасы хрестоматиясының” кітаптарымен оқытылады.
    •    “Элдиден эпосқа дейін”    •    “Отбасындағы 30 сабақ”    •    “Ер Едіге”    •    Батырлар жыры    •    “Кенесары хан”    •    “Салт дәстүр сөйлейді”
Бұл кітаптар арқылы балаларды ұлттық мәдениетке баулып, ұлттық құндылықтарды ұғындыруға мақсат қойылады. Негізінен осы уақытқа дейін “Элдиден эпосқа дейін” кітабын оқыдық. Оның ішінде бесік жыры, тақпақ, жұмбақ, жанылтпаш, қиссалар, аңыздар бәрі бар.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив