25 қазан Республика күніне арналған «Жаса, Қазақстаным!» атты мерекелік концерт өттілді. » «№7 ОҚУШЫЛАР ҮЙІ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-50-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 278-39-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 25 қазан Республика күніне арналған «Жаса, Қазақстаным!» атты мерекелік концерт өттілді.
23
қазан
2025

25 қазан Республика күніне арналған «Жаса, Қазақстаным!» атты мерекелік концерт өттілді.

25 қазан Республика күні және «Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл» толуына орай «Жаса, Қазақстаным!» атты мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті!
Бұл айтулы шара – еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдерін еске алып, бүгінгі бейбіт өміріміздің қадірін ұғындыруға бағытталды.
Концерт барысында оқушылар мен ұстаздар өздерінің өнерлерін паш етіп, көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй мен рухани қуат сыйлады. Мерекелік бағдарламада әсем әндер шырқалып, ұлттық билер биленіп, елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдері ерекше көрініс тапты.
Әрбір нөмірде Отанға деген махаббат, туған жерге деген құрмет, бейбіт өмірге деген ризашылық айқын сезілді.
Бүгінгі ұрпақ — еліміздің болашағы, тәуелсіздік тұғырын биік ұстайтын азаматтар екенін тағы бір дәлелдеді!
Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында елжандылық пен ұлттық сана-сезімді қалыптастырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады.
Жаса, Қазақстаным!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, егемендігіміз мәңгі болсын!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив