Алматы қаласы Білім басқармасы «№ 7 Оқушылар үйі» вокал үйірмесі шәкірттерінің арасында өтетін Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналған ән байқауының ЕРЕЖЕСІ » «№7 ОҚУШЫЛАР ҮЙІ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-50-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 278-39-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы Білім басқармасы «№ 7 Оқушылар үйі» вокал үйірмесі шәкірттерінің арасында өтетін Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналған ән байқауының ЕРЕЖЕСІ
05
қараша
2020

Алматы қаласы Білім басқармасы «№ 7 Оқушылар үйі» вокал үйірмесі шәкірттерінің арасында өтетін Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналған ән байқауының ЕРЕЖЕСІ

«БЕКІТЕМІН»

                           Алматы қаласы Білім басқармасының 

                             «№7 Оқушылар үйі» МКҚК

                                             директоры Даулбаева А.М. 

______________________________

«05» қараша 2020 ж.»


Алматы қаласы Білім басқармасы «№ 7 Оқушылар үйі»

вокал үйірмесі шәкірттерінің арасында өтетін

Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналған 

ән байқауының

 ЕРЕЖЕСІ


1.БАЙҚАУДЫҢ ӨТКIЗIЛУ МАҚСАТЫ

                                              

Ш.Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттау, әндерінің сырын сезініп, құрметтеу, ән өнерiн дамыту, жас талант иелерiн анықтау, оқушылар арасында ән шығармашылығының дамуын қолдау және де жетекшілердің Оқушылар үйінде өтіп жатқан мәдени шараларға жауапкершілігін, белсенділігін арттыру мақсатында «№ 7 Оқушылар үйінде» ән байқауы 2020 жылдың 27 қарашасында өткiзiледi. 


2. БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ 

1Байқау эстрадалық вокал бойынша өтеді. «№ 7 Оқушылар үйінің» вокал үйірмелері 5 оқушыдан қатыстырады. Қатысушылар 1-ші турда Ш.Қалдаяқов шығармасынан 1 ән орындайды. 2-ші турда қатысушы жетекшісімен бірге 1 ән орындайды. Ән тірі дауыста айтылуы қажет. Дуэт, трио, квартет, 12 адамнан аспайтын вокалды топтар қатыса алады. «Бэк» вокал рұқсат етіледі.

2. Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктері:
 - кіші топ- 6 жастан 9 жасқа дейін;
 - орта топ-10 жастан 13 жасқа дейін;
 - жоғары топ-14 жастан 17 жасқа дейін;

3.  Бағалануы:
 Вокалдық ерекшеліктері, музыканың кәсіби деңгейде өңделуі, актерлік шеберлігі, сахналық киім үлгісі.
 Барлық қатысушылар СД - дискилеріне және флешкаларына орындаушының аты-жөнін, әннің реттік номерін жазып жетекшілеріне табыстап қоюы қажет.

4. Қорытынды жасау, жеңімпаздарды марапаттау.
 Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Жинаған сан ұпайы бойынша жас орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегерлері анықталады.


БЕКІТЕМІН»

                           Алматы қаласы Білім басқармасының 

                             «№7 Оқушылар үйі» МКҚК

                                             директоры Даулбаева А.М. 

______________________________

«05» қараша 2020 ж.»


Алматы қаласы Білім басқармасы «№ 7 Оқушылар үйі»

домбыра үйірмесі шәкірттерінің арасында өтетін 

«Күй қазына» байқауының

ЕРЕЖЕСІ


«Күй қазына» байқауы «№ 7 Оқушылар үйінде» 2020 жылдың 20 қарашасында өткiзiледi. Байқау домбыра үйірмесі шәкірттерінің арасында өтеді. «№ 7 Оқушылар үйінің» домбыра үйірмелерінен 10-20 оқушыдан қатыстырады.


Байқаудың өткізілу мақсаты

  • Халқымыздың көнеден келе жатқан күйлерін көпшілікке таныту;
  • Жас дарындарды анықтау, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру;
  • Күй өнерін жас ұрпақ арасына насихаттау болып табылады.


Байқаудың шарттары

  • Әр қатысушы екі күй орындайды.
  • Күйшілердің орындау мәнері, шеберлігі.
  • Репертуардың ережеге сәйкестігі және орындаушылық техникасы.
  • Сахна мәдениеті

Барлық қатысушы өнерпаздар осы талаптарға сай өнер көрсетуі тиіс.


Байқау екі бөлімнен тұрады.

1- бөлімде 8-11 жас арасындағы оқушылар сынға түседі (өз қалауы бойынша 1 күй орындайды). 

2 - бөлімде 12-16 жас аралығындағы оқушылар өнері сарапқа салынады 

(оқушылар 1-ші халық күйін орындауы міндетті, 2-ші өз қалауы бойынша 1 күй орындайды).


Бағалануы:
 
Әр қатысушы күй мәтінінің ой тереңдігіне, мәні мен маңызына, орындалу шеберлігіне, орындауда дауыс ырғағына, сахна мәдениетіне, өздеріне жарасымды ұлттық киімде болуы қажет.


Қорытынды жасау, жеңімпаздарды марапаттау.
 Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Жинаған сан ұпайы бойынша жас орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегерлері анықталады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив