19
желтоқсан
2024
“Тәуелсіздік күніне тарту”
Алматы қаласы Білім басқармасының “№7 Оқушылар үйі” МКҚК ұйымдастыруымен бүгін ауданымызда өткен “Тәуелсіздік күніне тарту” тақырыбындағы көрме-байқау өз мәресіне жетті. Бұл шара Қазақстанның Тәуелсіздігіне арналған шығармашылық жұмыстарды көрсетіп, жас таланттарды қолдауға бағытталды. Байқауға ауданымыздың әр мектептері мен өнер ұжымдарынан қатысушылар өз туындыларын ұсынды. Қатысушылар арасында сурет және қолөнер бойынша жұмыстар орын алды. Әрбір қатысушы еліміздің Тәуелсіздігіне деген құрметін өз туындылары арқылы білдірді. Әр жұмыс өзінің ерекшелігімен көзге түсті және ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Барлық қатысушылар мен жетекшілеріне алғыс білдіреміз! Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

