10
қараша
2022
"Өрлеу" ұлт-аспаптар ансамблі
"Өрлеу" ұлт - аспаптар ансамблі. Жетекшісі Пайыз Алихан. Ансамбль ұлттық өнерге, оның ішінде қазақ халқының ұлттық аспабы домбырамен күй ойнау өнеріне дайындайды. Халық компазиторлары Құрманғазы, Қазанғап, Динаның күйлерін үйренумен қатар, қазіргі заманның күйшілерінің шығармаларын орындайды. Ансамбль қоржынында бүгінгі таңда 30-ға тарта күй бар. Күйшілер бас домбыра, қобыз, саз сырнайдың сүйемелдеуімен атақты "Адай", "Балбырауын", "Келіншек", "Әлқиса", "Көңіл толқыны", "Көңілашар" т.б күйлерді жоғары деңгейде орындайды. Сондай-ақ, ансамбльдің сүйемелдеуімен жеке орындаудағы әншіні де сүйемелдей алады.







