Мероприятие » Страница 32 » «№7 ОҚУШЫЛАР ҮЙІ
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Дом школьников №7»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-50-98
Бухгалтерия
+7(727) 278-39-84
Версия для
слабовидящих
Қош келдің Жаңа жыл! (Инклюзивті білім беру бөлімі)
21
декабрь
2022
Қош келдің Жаңа жыл! (Инклюзивті білім беру бөлімі)
№7 Оқушылар үйінде Инклюзивті қосымша білім беру бөлімі Жаңа жыл мейрамын өткізді. Ертегілер елінен келген кейіпкерлер, Ақшақар, Аяз ата залды думанға бөледі. Әр бала тақпақтарын айтып, ойынға қатысып, домбыра тартып, би билеп өнерлерін паш етіп, аяз атадан сыйлықтар алды. Қуанышқа толы ғажайып мерекеде балалардың да, ата-аналардың да көңіл- күйлері ерекше болды. Алдымен ортаға барыс жылы қоштасу үшін шықты, оның ізін ала қоян шығып баршаға бақ -береке тіледі. Шыршаны айналасына балалар
"Аист" би студиясы І-орынмен марапатталды.
18
декабрь
2022
"Аист" би студиясы І-орынмен марапатталды.
№7 Оқушылар үйінің "Аист" би студиясы "Дед Мороз и все, все, все..." байқауына қатысып,  І-орынмен марапатталды.
"АИСТ" би студиясы біздің мақтанышымыз
17
декабрь
2022
"АИСТ" би студиясы біздің мақтанышымыз
Республикалық Жаңа жылдық байқаудан "Ноты" биімен 1-орын, "Соло" биімен ІІ-орын, "Хулиганы" биімен Гран При жеңіп алды. 
"Шолпан жұлдыздары" Бас жүлделерің құтты болсын!
17
декабрь
2022
"Шолпан жұлдыздары" Бас жүлделерің құтты болсын!
№7 Оқушылар үйінің "Шолпан жұлдыздары" ұлттық би ансамблі "Жас жұлдыз" байқауына қатысып, "Гүлдер" биімен БАС ЖҮЛДЕ жеңіп алды.
Заманауи би тобының жүлдесі
17
декабрь
2022
Заманауи би тобының жүлдесі
"Puzzle" заманауи би тобы Республикалық "Жас жұлдыз" байқауына қатысып, "Гран При" жеңіп алды!  Жеңістерің құтты болсын!  
"Балалықтан - даналыққа" атты интеллектуалды ойын
14
декабрь
2022
"Балалықтан - даналыққа" атты интеллектуалды ойын
"Озаттар" клубы атты ұзартылған күн тобында 16-декабрь Тәуелсіздік мерекесіне орай "Балалықтан - даналыққа" атты интеллектуалды ойын өтті. Жетекшісі Тұрысбек Қадиша Бақытжанқызы. Интеллектуалды ойын 3 топқа бөліну арқылы, "Лота" ойыны, "Жаңбыр тамшылары", "Есте сақта", "Досыңды сез" айналымдар болды. Балаларға қызықты әрі есте қаларлықтай ойын болды. 
"Қазақстан балалары шексіз әлемде" кинофестивалдің аудандық кезеңі
09
декабрь
2022
"Қазақстан балалары шексіз әлемде" кинофестивалдің аудандық кезеңі
№7 Оқушылар үйінде "Қазақстан балалары шексіз әлемде" атты 13-17 жасар оқушылар арасында республикалық балалар кинофестивалінің аудандық кезеңі өтті. Фестивальға № 20, №50, №170, №32, №44, №106, №71, №198 мектептер қатысты. Әділқазылар алқасының төрағасы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы, "Экрандық өнер режиссурасы" кафедрасының оқытушысы, өнертану магистрі Исаев Олжас Мархабаевич,№7 ОҮ директорының орынбасары Абирова Д.Т., педагог - психолог, Асқарбекқызы А. болды. Фестивалдан
"Алтын сақа" интеллектуалды сайысы өтті
05
декабрь
2022
"Алтын сақа" интеллектуалды сайысы өтті
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толғанына орай "Алтын сақа" интеллектуалды сайыс өтті. Педагог ұйымдастырушы Тұрысбек Қадиша мен "Жылдам оқыту" үйірмесінің жетекшісі Шайых Мариям ұйымдастыруымен өткен іс-шараға ауданымыздағы № 32, 84, 142 мектепте оқитын үйірме мүшелеріміз  қатысты. Интеллектуалды сайыс 3 айналымнан тұрды. Оқушыларымыз Ахмет Байтұрсынұлы жайында көп мәлімет алды. Қатысушылар жақсы әсер алып, жеңіске жеткен жеткіншектер мақтау қағаздарымен марапатталды. 
"Шаттық" халықтық би ансамблі сахнада
01
декабрь
2022
"Шаттық" халықтық би ансамблі сахнада
№7 Оқушылар үйінің "Шаттық" халықтық би ансамблі Оқушылар сарайында "Елбасы медалі" Ұлттық мотивациялық проект ның 200-ден астам  қатысушысын марапаттау рәсімінде өнер көрсетті. "Livitating" заманауи биімен сахнада көрермендердің қызықтырды.
"Шаттық" халықтық би ансамблі "ART SHOW" байқауынан ІІ орын иеленді.
28
ноябрь
2022
"Шаттық" халықтық би ансамблі "ART SHOW" байқауынан ІІ орын иеленді.
№7 Оқушылар үйінің "Шаттық" халықтық би ансамблі Халықаралық "ART SHOW" байқауына қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді. Биші қыздар  үлкен дайындықпен сахна төрінде өнер көрсетіп, сенімімізді ақтап келді. Алар белестерің көп бола берсін!