13
февраль
2024
Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл!
Ер есімі – ел есінде: Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына орай Түрксіб ауданындағы гүл шоқтарын қою рәсімі мен іс-шаралар 2024 жылдың 13 февральында Ауғанстандағы әскери борышын өтеген әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Рәсімде "Тарту" вокалды тобының ұл-қыздары өлең оқыды. Салтанатты рәсімге Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің одағы, Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы ҚР Құрлық әскерлерінің Әскери институты, ауданның жастары, әскери қызметкерлер, білім беру мекемелері, №84 мектеп ұжымы мен №7 Оқушылар үйінің басшылары қатысты.
Бір минуттық үнсіздіктен кейін қатысушылар сарбаздарды еске алу үшін гүл шоқтарын қойды.



Бір минуттық үнсіздіктен кейін қатысушылар сарбаздарды еске алу үшін гүл шоқтарын қойды.


