«М.Мақатаевтың 90 жылдық» мерейтойы аясында өткізілетін қалалық мектеп оқушылары арасындағы ұлттық «Тоғызқұмалақ» ойыны ашық турнирінің Ережесі
«Бекітемін»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 Оқушылар үйі» МКҚК директоры
Даулбаева А.М.
________________________________
«25» қаңтар 2021 жыл
«М.Мақатаевтың 90 жылдық» мерейтойы аясында өткізілетін қалалық
мектеп оқушылары арасындағы
ұлттық «Тоғызқұмалақ» ойыны ашық турнирінің
Ережесі
І. Мақсаты мен міндеттері:
а) Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ой-өрісін, санасын шынықтыру.
ә) Тоғызқұмалақ ойынын халық арасында насихаттау және ары қарай дамыту.
б) Спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті арттыру.
ІІ. Өткізілетін орны мен мерзімі:
Өткізілетін орны: Алматы қаласы Білім басқармасы «№7 Оқушылар үйі» МКҚК
Мерзімі: 29 қаңтар 2021 жыл
Уақыты: сағат 10.00 - де
Электронды почта: ika19870104@mail.ru
Жас ерекшелігі: 10, 12 жастан жоғарғылар арасында
Ескерту: Қазіргі пандемия кезеңіне байланысты әр команда 5 баладан артық әкелмеуі тиіс. Маска, перчатка әкелуі міндетті.
Қосымша: Ойын 7 турдан Швейцариялық жүйемен жекелей түрде өтеді.
ІІІ. Жеңімпаздарды анықтау:
Жеңімпаздарды анықтау: Қазақстан Республикасы спорт істері комитеті бекіткен ережеге сәйкес жүргізіледі.
IV. Жарысты өткізу:
Жарыс өтетін жерді ұйымдастыру №7 Оқушылар үйі әкімшілігіне жүктеледі. Жарысты өткізу, жарыста төрешілік ету тоғызқұмалақ жаттықтырушыларына жүктеледі.
V. Қаржыландыру:
1-2-3-орын алған ойыншыларды арнайы дипломмен, медальдармен марапаттау №7 Оқушылар үйі есебінен жүргізіледі.