04
наурыз
2025
“Қазақстан балалары шексіз әлемде” IX Республикалық балалар кинофестивалінің қалалық кезеңі өтті.
Алматы қаласы Білім басқармасы мен Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының қолдауымен, “№7 Оқушылар үйі” МКҚК ұйымдастыруымен “Қазақстан балалары шексіз әлемде” IX Республикалық балалар кинофестивалінің қалалық кезеңі өтті.
Кинофестивальге қатысушылар 7 номинация бойынша өздерінің үздік жұмыстарын ұсынды:
• Ойынды кино • Деректі кино • Жандандыру (анимация) • Үздік бейнеклип • Балаларға арналған ең үздік бағдарлама • Телевизиялық сюжет • Үздік ғылыми-танымал фильм
Кинофестивальдің мақсаты:
Еліміздің болашағын жалғайтын, қоғамның қозғаушы күшіне айналатын жастардың шығармашылығын қолдау және қазақстандық балалар киноиндустриясын дамыту.
Биылғы қалалық кезеңге 85 жұмыс қатысып, үздік деп танылған фильмдер 12-15 мамыр аралығында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.