"Қуыршақ театр"
20 маусым күні «Dostar club» жазғы клубы Алматы қалалық мемлекеттік қуыршақ театрына спектакль көруге барды.
Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы
қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.
Мақсаты: Балаларға қуыршақ туралы түсінік беру. Балалардың сөздік қорын байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Қуыршақ қойылымын көрсету арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

