29
ақпан
2024
"Достық" би ансамблінің есеп беру концерті
Біздің "Достық" би ансамблінің "Достық" би әлемінде атты есеп беру концерті өтті. 5 жыл толық қатысып, курс аяқтаған оқушыларға арнайы сертификаттармен, ата-аналары алғыс хатпен марапатталды. Осы үйірменің ата-аналары концертке қатысып, балаларының өнерін тамашалады. Концерт өте жоғары дәрежеде өтті. Жас бишілер әртүрлі ұлттардың билерін өте жақсы орындап шықты. Үйірме жетекшісі Баякенова Р.Б. жас таланттарды дайындауда қажырлы еңбек етіп, нәтижесін осы концертте көрсетті.













