05
қараша
2022
"Республика күні" "Тоғызқұмалақ" ұлттық ойынынан қалалық жарыс
№7 Оқушылар үйінің "Тоғызқұмалақ" ұлттық ойынынан Республика күні мерекесіне орай қалалық жарыс ұйымдастырды. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Жеңіс пен жеңілістің дәмін сезген, дарынды, талантты балалар - ұлтымыздың болашағы. Тәуелсіз Отанымызды тұғырлы, ғұмырлы болуы - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас жеткіншектерге үнемі қолдау көрсетіп жүрген Түрксіб аудан әкімі Бахытжан Акжаровқа, мәдениет бөлімінің меңгерушісі Қанат Аманбаевқа алғыс айтамыз және жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Республика күні құтты болсын! Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін!





