"№7 Оқушылар үйі"
Алматы қаласы Білім басқармасы "№7 Оқушылар үйі" "Өрлеу" ұлт-аспаптар ансамблінің жетекшісі Пайыз Әлихан Мәлікұлы "Үздік ұстаз" төсбелгісімен марапатталды. Ұжымыңыз Сізді білікті де білгір, тәжірибелі де озық, сыйлы да беделді маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды. Осы қуанышты сәтте сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды бақыт тілейміз. Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз.