Жаңа жылдық мереке
Оқушылар үйінде Инклюзивті қосымша білім беру бөлімінің жаңа жылдық мерекесі өткізілді. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб өткізілді. Оқушылар қызықты қойылымды тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен ақшақар оқушыларға арнайы сыйлықтарын таратып, жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. Жиналған қауым өте жақсы көңіл күйде болды.