Іс-шаралар » Страница 31 » «№7 ОҚУШЫЛАР ҮЙІ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-50-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 278-39-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"2022 жыл - балалар жылы" аясындағы қалалық жарыс
24
қараша
2022
"2022 жыл - балалар жылы" аясындағы қалалық жарыс
24 қарашада "2022 жыл - балалар жылы аясында" тоғызқұмалақтан қалалық жарыс өтті. Жарысқа қатысқан тоғызқұмалақшы балалар жүлделі орындарға ие болды. Ұлттық ойын қызықты әрі тартысты өтті. Зияткер тоғызқұмалақ ойынына деген ынталары, қызығушылықтары жоғары балалар саны жылдан жылға артып келеді.
Қбб әдіскерлеріне арналған семинар-тренинг
23
қараша
2022
Қбб әдіскерлеріне арналған семинар-тренинг
23 қараша күні "№7 Оқушылар үйі" МКҚК директорының оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абирова Д.Т. және Түркістан Оқушылар сарайының директорының оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тайтенова Ж.Қ. бірлесіп, Түркістан Оқушылар сарайының  мекеме қызметкерлеріне арналған қатысушыларға арнап "Қбб ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстардың жүргізілуі" атты семинар - тренинг өткізді.   Семинар қатысушыларына балаларға арналған қосымша білім беру құзыреттілігі бойынша көптеген мәліметтер ұсынылды.
Республикалық біліктілікті арттыру курсы
21
қараша
2022
Республикалық біліктілікті арттыру курсы
21 - 26 қараша айында №7 Оқушылар үйі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абирова Д.Т. "Жаңартылған білім жағдайындағы қосымша білім беру педагогтарының кәсіби құзыреттілігі және педагог шеберханасы" атты біліктілік курсына қатысты.  Тәжірибелі педагог - зерттеуші Түркістан Оқушылар сарайының қызметкерлерімен мол іс - тәжірбиесімен бөлісті.  "Шығармашылық шеберлікке баулу ортылығы" директор Қажиева Гулнара Тоқайқызы 28-03 желтоқсан айында онлайн және офлайн форматтағы курсында
"BALA STAR" республикалық байқау жобасы
17
қараша
2022
"BALA STAR" республикалық байқау жобасы
№7 Оқушылар үйінің "Өрлеу" ұлт аспаптар ансамбль республикалық "BALA STAR"  байқау жобасына қатысып, жүлделі орын алды.
Желтоқсаншылар арасындағы ұлттық спорт түрлерінен аудандық жарыс
17
қараша
2022
Желтоқсаншылар арасындағы ұлттық спорт түрлерінен аудандық жарыс
15 қазан күні Түрксіб ауданы әкімдігімен бірлесе "25 қазан Республика күні" ұлттық мерекесіне орай "Желтоқсан - 86" көтерілісі күрескерлер арасында өткізілген ұлттық спорт жарысы өтті. "Арқан тарту", "Тымақ ұру", "Ағаш отырғызу", "Эстафеталық" ойындар тартысты өтті. Топтар І,ІІ,ІІІ орындармен марапатталды. 
Халықаралық "ЖАС ДАРЫН" конкурстық жобасының жеңімпаздары
15
қараша
2022
Халықаралық "ЖАС ДАРЫН" конкурстық жобасының жеңімпаздары
"Айст" би студиясы ұжымы 13 қараша күні "Жас дарын" байқау жобасы аясында ұйымдастырылған "Би жұлдыздары" атты халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, кіші топ бишілері Хулиганить биімен "ГРАН ПРИ", Ноты биімен "ІІ-ОРЫН"  жеңіп алды. Үлкен топ бишілер Казачий биімен "ІІ-орын" иеленді. Жеңістерің құтты болсын! 
Тоғызқұмалақтан Әлем кубогынан ІІІ-орын иеленген шәкіртіміз
12
қараша
2022
Тоғызқұмалақтан Әлем кубогынан ІІІ-орын иеленген шәкіртіміз
Румынияның Констанца қаласында, тоғызқұмалақтан алғаш рет ұйымдастырылып отырған Әлем Кубогінда біздің шәкіртіміз Тұрсынәлі Ақерке ІІІ-орын иеленді. Жеңіс құтты болсын! Біз сендей шәкірттерімізбен мақтанамыз!
"Балаларға қосымша білім берудегі менеджмент" тақырыбында семинар өтті
10
қараша
2022
"Балаларға қосымша білім берудегі менеджмент" тақырыбында семинар өтті
Алматы қаласының қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлерге арналған "Балаларға қосымша білім берудегі менеджмент" тақырыбында семинар өткізілді. "Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің аттестациясы", "Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі", "Әдістемелік кеңес", "Қоғамдық кеңес", "Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың іс - қағаздарын жүргізу" тақырыптары қамтылды. Семинар жақсы деңгейде өтті. 
"Шара Жиенқұловаға - 110 жыл" толуына орай республикалық байқау жеңімпаздары
10
қараша
2022
"Шара Жиенқұловаға - 110 жыл" толуына орай республикалық байқау
ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері биші Шара Жиенқұлованың туғанына 110 жыл толуына орай "Би падишасы" атты республикалық би байқауы өтті. №7 Оқушылар үйінің "Шолпы" би ансамблі байқауға қатысып І - орынды иеленді. 
"МұзТау" вокалды тобы мен С.Медеуов сахна төрінде
10
қараша
2022
"МұзТау" вокалды тобы мен С.Медеуов сахна төрінде
10 қараша күні №7 Оқушылар үйінің "МұзТау" вокалды тобының жас өнерпаздары ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Саят Медеуке арналған "Өнері үлгі - жастарға" атты  шығармашылық кеште өнер жұлдызымен бірге сахнада өнер көрсетті. Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті студенттер мен педагогтарға арналған  шығармашылық кеш  жоғары деңгейде өтті.  Өнерпаз оқушылар концерттен үлкен әсер алып қайтты.