Іс-шаралар » Страница 28 » «№7 ОҚУШЫЛАР ҮЙІ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-50-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 278-39-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жас эрудит" интеллектуалды сайысы
11
ақпан
2023
"Жас эрудит" интеллектуалды сайысы
https://www.instagram.com/reel/Copo0_qr4HD/?utm_source=ig_web_copy_link Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тәжірбиеден өтуші қыздардың ұйымдастыруымен "Жас эрудит " тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті. Үйірмеішілік сайысқа 9-11 жас аралығындағы балалар қатысты. "Достық" тобы, "Өрлеу" тобы, "Жалын" тобы, "Жарық жұлдыз" топтары сайысқа түсті. Мақалдар табу, жұмбақты шешу және мультфильм кейіпкерлерін табу, Артығын тап ойындары қызықты өтті. Балалар тәтті сыйлықтар алып, жақсы көңіл
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні
06
ақпан
2023
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ҚазҰҚПУ-нің тәжірбиеден өтуші қыздарымен «Мен бұл ғасырдан емеспін» атты кеш өтті. Мұқағали Мақатаев атты дарын, алып ақындық талантымен қаншама жылдар өтсе де, өлмес өлеңдерімен өрлей бермек. Оның өшпес өрнекті ұзақ өмір сүріп, жастардың жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жылуы мен жарығын дарытуда. Әрбір оқыған, іздеген сайын ақынның жаңа сырлары аңғарылып, тың толқындары тулап, сырлы саздарын төгуде.   
"Steps to the stars" халықаралық конкурс байқауынан ІІ-орын
05
ақпан
2023
"Steps to the stars" халықаралық конкурс байқауынан ІІ-орын
№7 Оқушылар үйінің "Достық" ұлттық би ансамблі "Steps to the stars" конкурс байқауына қатысып, "Өрлеу" биімен  ІІ-орын алды.
Біздің қоғамда АСБ бар балаларға жеткілікті көңіл бөліне ме?
30
қаңтар
2023
Біздің қоғамда АСБ бар балаларға жеткілікті көңіл бөліне ме?
2023 жылдың 27 қаңтарында Ұжым арасында "Біздің қоғамда АСБ бар балаларға жеткілікті көңіл бөліне ме?" атты тақырыпта дебат өтті. 2-полугодие началось с дебата «Достаточно ли внимания уделяет наше общество детям с РАС?» (публичные споры, при обсуждении темы, обмен мнениями) между сотрудниками, который прошёл 27 января 2023 года. По окончании дебата провели цветную вечеринку с угощениями.
Шолпы би ансамблі "Ұйғыр" биімен І-орын алды
29
қаңтар
2023
Шолпы би ансамблі "Ұйғыр" биімен І-орын алды
 2023 жылдың 29  қаңтарында  «Бала шабыты» Халықаралық  Конкурстық жобасының «Almaty stars» атты  8-9 жас аралығындағы  жасөспірімдер байқауында «Хореография» номинациясы бойынша өнер көрсетіп, "Ұйғыр" биімен  I орын алғаны үшін  "Шолпы" би ансамблі марапатталды. Талантты қыздар ішінен талантымен ерекшеленіп,  жеңімпаз атанған қыздарымызды құттықтаймыз! Өнер-білім жолында бағындырар белестері  көп болсын!!! 
Халықаралық "Бала шабыты" конкурсынан І-орын
29
қаңтар
2023
Халықаралық "Бала шабыты" конкурсынан І-орын
№7 Оқушылар үйінің "Шолпы" би ансамблі  Халықаралық "Бала шабыты" конкурсына қатысып, 7-8 жас  аралығындағы  жасөспірімдер байқауында «Хореография» номинациясы бойынша өнер көрсетіп,  "Лезгинка" биімен  І-орын жеңіп алды. Дайындаған жетекшісі Абен Мөлдір Нұрахметқызы! Жеңімпаз атанған қыздарымызды құттықтаймыз!
Халықаралық "Бала шабыты" конкурсынан ГРАН ПРИ
29
қаңтар
2023
Халықаралық "Бала шабыты" конкурсынан ГРАН ПРИ
№7 Оқушылар үйінің "Шолпы" би ансамблі  Халықаралық "Бала шабыты" конкурсына қатысып, "Көктем биімен" ГРАН ПРИ жеңіп алды. 9-10 жас аралығындағы балаларды дайындаған жетекшісі Абен Мөлдір Нұрахметқызы! Жеңістерің құтты болсын!
Аквагрим ойын сауықтыру іс-шарасы
28
қаңтар
2023
Аквагрим ойын сауықтыру іс-шарасы
Бала өмірдің – мәні, бала өмірдің – гүлі деп жатамыз. 2023 жылдың 28 қаңтарында кішкентай балапандарымызға арналған ойын-сауықтыру іс-шарасы өтті. Іс - шарада балалар ойнап қана қоймай, беттеріне аквагрим боятып ерекше көңіл - күйде болды. Аниматорлардың балаларға арналған сыйлықтарыда болды.  https://www.instagram.com/reel/Cn9itUovfCT/?utm_source=ig_web_copy_link  
Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл
27
қаңтар
2023
Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл
"Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл" толуына орай Алматы қаласы оқушылары арасында Тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан жекелей ашық турнир өтті. Турнирге 9-13 жас аралығындағы ұл- қыздар қатысты. Швецариялық жүйемен 5 тур болып өтті. Жеңімпаздар дипломмен марапатталды. https://www.instagram.com/reel/Cn6w5Tyunf_/?utm_source=ig_web_copy_link
Ғұмырдария жасөспірімдер республикалық конкурсы
27
қаңтар
2023
Ғұмырдария жасөспірімдер республикалық конкурсы
 Ғұмырдария жасөспірімдер республикалық конкурсы "Кел болашақ" атты байқаудан "Достық" ұлттық би ансамблі ІІ-орын иеленді. Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы ән-жыр өнер байқауында "Қамажай" биімен ерекше көзге түсті.