Іс-шаралар » Страница 18 » «№7 ОҚУШЫЛАР ҮЙІ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-50-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 278-39-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" атты домбырашылар сайысы
22
қараша
2023
"Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" атты домбырашылар сайысы
Қарашаның 22 жұлдызында "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" атты "Тұмар" домбырашылар ансамблінің үйірмеішілік сайысы өтті. #198мектеп базасындағы оқушылар қатысты. Сайыстың мақсаты – қазақ мәдениетінің қазынасы ретіндегі домбыраның құндылығы мен маңызын арттыру, рухани-адамгершілік мәдениет пен патриоттық сезімді тәрбиелеуге, еліміздің мәдени мұрасын сақтауға, балалар арасында домбыра ойынын кеңінен насихаттауға бағытталған. Сайыс тартысты өтті. Үйірме жетекшісі Байбосын Берікбол. "Мұрагер"
IQ STAR DUBAI FESTIVAL байқауы
19
қараша
2023
IQ STAR DUBAI FESTIVAL байқауы
Қарашаның 19 жұлдызында "Ақерке" би студиясы IQ STAR DUBAI FESTIVAL байқауына қатысып, "Время" биімен 1- орын алды. Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!!!
"Түрксіб ауданына - 85 жыл!" - сурет байқауы
14
қараша
2023
"Түрксіб ауданына - 85 жыл!" - сурет байқауы
Қараша айының 14 жұлдызында "Түрксіб ауданына -85 жыл!" толуына орай, мектеп оқушылары арасында "Мерейтойыңмен ауданым!" атты сурет байқауы өтті. Байқауға  №198мектеп, №211мектеп, №71мектеп, №197мектеп, №17мектеп, №32мектеп, №162мектепгимназия оқушылары қатысты. Осы байқауда әділқазылық еткен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің профессор, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Жаманқараев Серғазы Құсайынұлына алғыс білдіреміз!
"Ойна да, ойла" интеллектуалды сайысы өтті
06
қараша
2023
"Ойна да, ойла" интеллектуалды сайысы өтті
Үйірмелер арасында "Ойна да, ойла" атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайысқа бастауыш сынып оқушылары қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды."Мұрагер" домбырашылар ансамблінің тобы жеңіске жетті. ІІ-орын иегерлері "Жылдам оқу"үйірмесімен, "Тарту" вокалды тобы алды. І кезеңде  мақал-мәтел сайысы, ІІ кезеңде мултьфильмдерге байланысты сұрақтар берілді. ІІІ кезеңде жұмбақ шешіп, ІV кезеңде логикалық сұрақтар шешті. Интеттелектуалды сайыстың мақсаты Пәндерді күнделікті өмірде қолдану қажеттілігін көрсету,
"Тоғызқұмалақ" ұлттық ойынының қалалық ашық турнирі
03
қараша
2023
"Тоғызқұмалақ" ұлттық ойынының қалалық ашық турнирі
  Оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында жасөспірімдер арасындағы "Тоғызқұмалақ" ұлттық ойынының қалалық ашық турнирінде №211 мектеп оқушыларынан 13 жастан жоғары Хамит Нұртас ІІ орын, Жақия Аңсар ІІІ-орын, 9 жасқа дейінгі қыздар Марат Амина ІІІ-орын орын алған. №142 мектеп оқушыларынан 9 жас қыздар Кауазова Нурия ІІ-орын алды. Жеңістерің құтты болсын! Ойынға дайындаған жетекшісі Амираил Абылай.
1 маусым балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған мереке ұйымдастырылды.
03
қараша
2023
1 маусым балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған мереке
1 маусым балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған "Зверополис" мультфилміне негізделіп мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға №7 оқушылар үйінен өнерпаздар келіп, балаларға арнап өнер көрсетті. Сондай-ақ балалармен ата-аналарға арналған мадақтамалар табысталды.  1 июня ко Дню защиты детей было организовано праздничное мероприятие для детей на базе мультфилма "Зверополис". На мероприятие пришли артисты из дома школьников №7 и выступили для детей. Также  вручены грамоты для родителей.
"Тоғызқұмалақ" ұлттық ойынынан жекелей жарыс өтті
03
қараша
2023
"Тоғызқұмалақ" ұлттық ойынынан жекелей жарыс өтті
Қараша айының 3 жұздызында Алматы қаласы мектеп оқушылары арасында жекелей жарыс өтті. Оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында жасөспірімдер арасындағы "Тоғызқұмалақ" ұлттық ойыны тартысты өтті. №198 ЖББ мектептің акт залында ұйымдастырылды. 90-ға жуық бала қатысып, жүлдемен қайтты. https://www.instagram.com/reel/CzTT_MJNGpf/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Айнур Муратовна "Шалқар" радиосының бағдарламасына сұхбат берді
31
қазан
2023
Айнур Муратовна "Шалқар" радиосының бағдарламасына сұхбат берді
2023 жылдың 31 қазан күні N7 Оқушылар үйінің директоры Даулбаева Айнур Муратовна тікелей эфирде "Шалқар" радиосының бағдарламасына қатысып, "Театрдың ғажайып әлемі" фестиваль- байқауы жайында сұхбат берді.
№7 Оқушылар үйінің ұжымы Республика күнімен құттықтады
25
қазан
2023
№7 Оқушылар үйінің ұжымы Республика күнімен құттықтады
№7 Оқушылар үйінің ұжымы және Айнур Муратовна Республика күнімен құттықтай отырып, "Менің елім" атты ән шашу жолдады. https://www.instagram.com/reel/Cyza90CI8kp/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Республика күніне арналған флешмоб
24
қазан
2023
Республика күніне арналған флешмоб
Сіздерді егеменді еліміздің ұлттық мерекесі - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Егеменді еліміз Қазақстанның мерейін өсіріп, ынтымақта, бірлікте болайық. Ашық аспан астында берекелі, бейбіт ғұмыр тілейміз. "Достық" халықтық би ансамблі Республика күніне орай флешмоб биледі. https://www.instagram.com/reel/CyxkRbON_iK/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==