06
маусым
2023
Театр күні
Театр – бұл бос ойын-сауық емес, балалардың сезімдері мен тәжірибелерінің нағыз сынағы. Бүгін No7 Оқушылар үйінің "Достық" жазғы демалыс клубында оқушыларға театр өнері жайлы викторина өткізді, сонымен қатар өздерінің сүйікті ертегілері мен театрлық бетперделердің суретін салды. Театр өнері арқылы балалар ертегінің қатысушысына айналады, сүйікті кейіпкерлерінің бейнесіне үйренеді, бәрін жүрекке жақын қабылдайды. Осылайша әрбір баланың эмоционалдық және интеллектуалдық сипаты дамиды. Вокал үйірмесінде балалар мультфильмдерде кездесетін түрлі кейіпкерлердің әнін шырқады. Бүгін күн өте қарбалас және қызықты болды.
https://www.instagram.com/p/CtJGrqyN6Lw/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==


https://www.instagram.com/p/CtJGrqyN6Lw/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

