05
маусым
2023
“Достық” жазғы демалыс клубы
Алматы қаласы Білім басқармасының “№7 Оқушылар үйі” МКҚК 5 маусым күні “Достық” жазғы демалыс клубы жұмысын бастады. Жаз бой балалардың демалысы мен бос уақытын қамту бойынша түске дейінгі уақытта клуб жұмыс жасаса, түстен кейінгі уақытта: би, домбыра, вокал, тоғызқұмалақ, шахмат және жылдам оқу, сурет салу үйірмелері жұмыс жасайды. Клубтың ашылуы іс-шарасына 250-ден аса балалар жиналды. Түрлі мултьфильм кейіпкерлерімен бірге ұлттық және танымдық ойындар ойнап, асфальтте тақырыптық суреттер салу шараларына қатысқан балалар үйлеріне өте көңілді қайтты.
https://www.instagram.com/reel/CtG52qXOSbU/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MmJiY2I4NDBkZg==

https://www.instagram.com/reel/CtG52qXOSbU/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MmJiY2I4NDBkZg==
