«1 маусым- Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған іс-шара » «№7 ОҚУШЫЛАР ҮЙІ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 оқушылар үйі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-50-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 278-39-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «1 маусым- Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған іс-шара
01
маусым
2023

«1 маусым- Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған іс-шара

    «1 маусым- Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Түрксіб ауданы әкімдігімен С.Сейфуллин атындағы саябақта үлкен мерекелік іс- шаралар өтті. «Соңғы қоңырау» мерекесі біте салысымен балалар паркке жиналды. Саябақ ішінде ұйымдастырылған түрлі ойындарға қатысқан балаларға әкімдік түрлі сыйлықтар таратты. Сахнада  №7 Оқушылар үйінің жас әнші, биші, күйшілері өнер көрсетті. Алматы қаласы «Тоғызқұмалақ» федерациясымен бірлесе отырып, 100-ге тарта оқушылар қатысқан қалалық жарыс өте тарттымды өтті. Жеңімпаздар кубоктармен, мақтау қағаздарымен мараптталды.  «Жас сарбаз»   патриоттық клуб мүшелері ұйымдастырған әскери эстафеталық ойындарға қызыққан оқушылар саны көп болды. Тақырыптық суреттерді  мальбертке салу бойынша өткен байқауға жас суретшілерде сыйлықсыз қалмады. 30 метрлік ватманға алдын ала салынған мультфилім кейіпкерлерін бояу жас бүлдіршіндер үшін өте қызықты болды.  Кішкентай балаларға арналған түрлі ойындарға ата-аналарда атсалысты. Асфальтқа түрлі- түсті бормен суреттер салу іс-шарасына қатысқан балалар саны өте көп болды. Түрксіб аудандық әкімдігі балаларға арнап сыйлықтар мен ойыншықтар ұсынса, «Samal» компаниясы тәтті сусындар таратты. «Шин – лайн» компаниясы барлық балаларға балмұздақ үлестірді. Сахнада жас өнерпаздар 3 сағаттық концерттік бағдарлама ұсынды. Мерекенің соңы флешмоб биімен аяқталды. Жаз деген жақсы ғой, шіркін!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив