05
желтоқсан
2022
"Алтын сақа" интеллектуалды сайысы өтті
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толғанына орай "Алтын сақа" интеллектуалды сайыс өтті. Педагог ұйымдастырушы Тұрысбек Қадиша мен "Жылдам оқыту" үйірмесінің жетекшісі Шайых Мариям ұйымдастыруымен өткен іс-шараға ауданымыздағы № 32, 84, 142 мектепте оқитын үйірме мүшелеріміз қатысты. Интеллектуалды сайыс 3 айналымнан тұрды. Оқушыларымыз Ахмет Байтұрсынұлы жайында көп мәлімет алды. Қатысушылар жақсы әсер алып, жеңіске жеткен жеткіншектер мақтау қағаздарымен марапатталды.





